«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі

16 мая 2018 г.
Автор: Новости из Кокшетау
Источник: https://vk.com


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі (бұдан әрі – «Сот кабинеті») арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу тәртібін реттейді. Электрондық құжаттарды беру шарттары:

Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.

«Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады.

«Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.

Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін талап арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен,өтінішпен сотқа жүгіне алады.

 Берілетін құжаттарға қойылатын талаптар:

 Сотқа ұсыну үшін арыз (өтініш) мәтіндік форматта жүктеледі (қарпі 14 Times New Roman, жартылай интервал), әрбір жеке құжат құжаттарды беру жүйесінде жеке файл түрінде жүктелуге тиіс. Файлдардың саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес келуі керек. Пайдаланушы жүктейтін файлдың форматы*doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес келуі тиіс. Файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.

 Талап арыз беру:

 Берілетін талап арыздардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленеді.

Пайдаланушы «Талап арыз беру» сервисін таңдауды жүзеге асырады, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық талап арыз нысанын толтырады, облыс,талап арыз берілетін сот, соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатылған жағдайда, «төлемеу» деген жолға  белгі қойылады.

Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер арқылы, электрондық терминалдар, банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы төленген жағдайда пайдаланушы құжаттарды беру жүйесіне мемлекеттік баждың төленгені туралы төлем құжатының (төлем тапсырмаларының, түбіртектердің, чектердің және басқаларының) көшірмесін жүктейді.

Пайдаланушы талапкер туралы деректерді (жеке немесе заңды тұлғалар үшін) және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жауапкер туралы деректерді толтырады. Егер бірнеше адам талапкерлер немесе жауапкерлер болса, олардың әрқайсысы туралы ақпарат көрсетіледі.

Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.

Пайдаланушы тиісті файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.

«Электронды үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік бажды төлеу электрондық талап арыз нысаны толтырылғаннан кейін жүргізіледі.

Талап арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

 Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз беру:

 Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызды беру үшін пайдаланушы «Сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз беру» сервисін таңдайды, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық арыз нысанын толтырады:

процестің тарабы, телефон, почталық мекенжайы, облыс, сот отырысы хаттамасының көшірмесін электрондық түрде беру туралы арыз берілетін сот, істің нөмірі, іс бойынша талапкерлер (сотталушы, сотталған), іс бойынша жауапкерлер (жәбірленуші).

Пайдаланушы сот отырысының хаттамасын  ұсыну туралы арыз бен  оған қоса берілетін құжаттарды қамтитын файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.

Сот отырысының хаттамасын  ұсыну туралы арыз пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

 Сот отырысының хаттамасына ескертулер беру:

Сот отырысының хаттамасына ескертулер беру үшін пайдаланушы «Сот отырысының хаттамасына ескертулер беру» сервисін таңдайды, төмендегі деректер көрсетілетін электрондық арыз нысанын толтырады:

процестің тарабы, телефон, почталық мекенжайы, облыс, сот отырысы хаттамасына ескерту-арыз берілетін сот, істің нөмірі, іс бойынша талапкерлер (сотталушы, сотталған), іс бойынша жауапкерлер (жәбірленуші), хаттаманың күні.

Пайдаланушы сот отырысының хаттамасына ескертулер мен  оған қоса берілетін құжаттарды қамтитын файлдарды құжаттарды беру жүйесіне жүктейді. Файлдарды жүктеу аяқталған соң пайдаланушы оларды түзету мүмкіндігін пайдаланып, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді.

Сот отырысының хаттамасына ескерту пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі.

Көкшетау қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының

бас маманы Д. Тасова

Самые интересные новости в нашем Telegram-канале Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Нет изображений
Комментарии читателей - Нет комментариевОставить комментарий
Нет опубликованных комментариев

Вверх