Туризмді дамыту: мәселелер мен перспективалар

30 июня 2014 г.
Автор: Аналитикалық орталығы
Источник: БАҚ Интернет

Туризмді дамыту: мәселелер мен перспективалар

Әлемдік экономиканы дамытудың қазіргі жағдайында туризм алда жүрген және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып отыр. ӘТҰ мәліметтері бойынша туризм тауарлар мен қызметтердің әлемдік экспортында тек автокөлік, химия өнімдері және жанармайды экспорттауды алға жіберіп төртінші орын алып отыр (7,4%). Табыстылығы бойынша бұл сала мұнай шығаратын өнеркәсіп пен автокөлік жасаудан кейін үшінші орын алып отыр. [12]

Қазіргі таңда Қазақстан, туристік-рекреациялық потенциалы мол бола тұра туризм дамуының жеткіліксіз деңгейімен сипатталады. Оның үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3% құрайды. [12] Travel and Tourism Competitiveness Index туризм және саяхат секторының бәсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 2013 жылы 140 елдің ішінде 88-орынға тұрақтаған екен.[6]

2014 жылдың 16 маусымында туристік саланы дамыту перспективалары бойынша Мәжілістің Вице-спикері Д.Н. Назарбаеваның жетекшілігімен ҚР Парламент Мәжілісінде Үкімет сағаты өтті.[9]

Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевтің айтуынша қазіргі таңда Қазақстанның туристік индустриясының қарқынды дамуына бірқатар мәселелер кедергі келтіріп отыр екен. Мәселен, бұл саланың өрістеуіне туристік қызмет құнының жоғары болуы, туризм инфрақұрылымының болмауы, көрсетілетін қызмет дәрежесінің төмендігі, виза жүйесі мен көші-қон тәртібінің күрделілігі, сондай-ақ, чартерлік әуе тасымалына қатысты проблемалар қиындық туғызып отырған көрінеді. [9]

Үкімет сағатының ашылуы алдында Мажіліс депутаты Ақмола облысы және республикамыздың басқа да облыстары туралы жазылған көрмені көрсетті. [9] Ақмола облысының стендінде туризмді дамытудың негізгі көрсеткіштері бар диаграммалар, туризмді дамытудың туристік потенциалы мен перспективалары туралы жазылған ақпарат, «Бурабай», «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық паркілері, Қорғалжын табиғи қорығы табиғи ресурстарының бар байлығын ашатын ақпараттық-жарнамалық материалдар ұсынылды. [9]

Ағымдағы жылдың 19 мамырында туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілгендігі айтылып кетті. [7] Жалпы тұжырымдамада еліміздің бес туристік кластері қарастырылған. Олар –Астана, Алматы, Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстан. Ал елорданың солтүстігі мен оңтүстігі – іскерлік туризм ретінде, Алматы – халықаралық тау туризмінің орталығы ретінде айқындалған. Шығыс Қазақстан – экологиялық туризмнің даму орталығы. Оңтүстік Қазақстан кластері – мәдени туризм. Батыс Қазақстан кластері – мәдени және жағажай туризмі болып табылады. Аталған кластерлердің әрқайсысында ұлттық жобаларды іске асыру көзделген. Мәселен, Астана кластерінде – Бурабай, Алматы кластерінде – Оңтүстік Қаскелең мен Көкжайлау тау шаңғы курорттары, Шығыс Қазақстан кластерінде – Бұқтырма мен Катон-қарағай, Батыс Қазақстан кластерінде – Кендірлі.

Отырыс барысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев туристік саланы дамыту үшін жеңілдіктер жасалатындығын атап өтті.[6]

«Қазақстан сыртқы және ішкі туризм қауымдастығы» президенті Анатолий Савичев жеңілдіктер керек, бірақ инфрақұрылымды жақсартып, кадрларды дайындау қажеттігін атап өтті. [6]

Жалпы еліміз бойынша баға белгілеудің шығындары өте үлкен. «Бізде бензин қымбат, бізде өнімдер қымбат, қызмет көрсетуші қызметкерлердің біліктіліктері төмен, бізде білім беру жүйесі ескірген. Электр, су, газ, кәріз жүйесі қымбат. Бұның барлығы елімізде сервистің қымбат екендігін көрсетеді» [6]

Сондай-ақ «Бурабай» ұлттық жобасын жүзеге асыру қарастырылып, осының негізінде Қазақстан Үкіметі Щучье-Бурабай курорттық аймағының 2014-2016 жылдарға арналған даму жоспарының екінші кезеңін бекітті [7]

Бурабайдағы демалыс қазақстандықтар мен шет елден келген қонатардың арасында белгілі болу керек. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2013 жылы Бурабайдағы демалыс 94 811 адамды қызықтырған [8]

Щучье-Бурабай курорттық аймаққа келген туристердің саны соңғы бес жылда үш есе артқан. [3] ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев туристік потенциалды іске асыру арқылы Бурабайдағы демалу орындарын 7 жыл ішінде 10 есе артық көбейтуді болжап отыр.[8] Оның айтуынша, ауа райы жағдайлары мен табиғи көрініс, аймақтың мәдени-тарихи мұрасы және де көліктердің қол жетімділіктері жыл мезгіліне қарамастан Бурабайда демалу үшін алдын ала жағдай жасайды және ынталандырады.[8]

Бұдан басқа Бурабайдағы демалыс бірнеше ірі жобалардың құрылысы есебімен де тартымды болуы мүмкін. [8] Бұлардың бірі – гольф-клубы. Бұл жобаның құрылысы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаға енгізілген. Жоспар бойынша Бурабайға демалуға 2020 жылға қарай бір миллионға жуық адам келу керек. [8] Жалпы, Щучье-Бурабай курорттық аймақты 2014-2016 жылдары дамытуға 47 миллиард теңге бөлінген. [8]

Туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырхановтың брифингте айтқанындай, «Ақмола облысында туризм саласындағы 753 кәсіпорын бар, соның ішінде 270 шипажай-курорттық және қонақ үй ұйымдары, 415 субъект жол бойындағы сервистер және 68 туристік фирма».[11]

Бұдан басқа, туризм басқармасының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша Щучье-Бурабай курорттық аймақты 2012-2013 жылдары дамыту жоспары жүзеге асырылған. Мұнда жалпы 4,9 млрд. теңге бюджеттік қаражат игерілген. Бұл шараның жоспарына алдыңғы кезектегі 89 шара енгізілген. Оның ішінде экологиялық мәселелерді шешуге – 1 645 млн. теңге, көліктік-логистикалық және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 3 208 млн. теңге, ЩБКА қауіпсіздікті қамтамасыз ету – 89 млн. теңге. [11]

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 1,7 млрд. теңге құрайтын туризм саласында 6 инвестициялық жобалар жүзеге асырылған, 126 жаңа жұмыс орындары құрылған. [11] Және, соңғы 2 жылда 4 млрд. 514 млн. теңге сомаға жеке инвесторларды тарту есебімен ЩБКА жалпы сыйымдылығы 740 орыннан тұратын 16 туризмнің объектісі пайдалануға берілгендігін айтып кетуге болады. [11]

Ағымдағы жылы туризм басқармасы және Ақмола облысының бірнеше ұйымдары Шымкент қаласында өткен «Сарқылмас саяхат» атты Қазақстандық туристік жармеңкеге және Ақтөбе қаласында өткен «ITFA 2014: Туризм. Саяхат. Спорт» XI Халықаралық туристік көрмеге қатысты. [4]

Қазір Қазақстандағы туризм – экономиканың жеке саласы. Оны қолдауға мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеп жатыр. [1] Өткен жылы Қазақстанға 6 миллионнан астам шетелдік туристер келген. Оларды біздің елге тартуға Еуразиялық интеграция да көмегін береді.[1]

ОАР келіп риза болаған туристердің бірі Фурие Николас айтқандай: «Әлемнің кез-келген жерінде болсам да бәрі, Қазақстан – бұл биік таулар, таза өзендер және өте қонақжай адамдар деп айтып жатады. Бауырмал, мейірман халық, бұл Қазақстанның басты байлығы» [1]


Аналитикалық орталықтың материалдары бойынша дайындалған (25.06.2014 ж. «Туризмді дамыту: мәселелер мен перспективалар»).

Прикреплённые файлы - Нет файловПросмотреть файлы
Нет файлов
Комментарии читателей - Нет комментариевОставить комментарий
Нет опубликованных комментариев

Вверх