Ақмола облысы: балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру

21 июня 2016 г.
Автор: Аналитикалық орталық
Источник: Интернет БАҚ

Ү.ж. 1 мамырдан бастап Ақмола облысында жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыстар белең алды. Дәстүр бойынша ол екі бағыт: сауықтыру және қамту бойынша жүгізіледі. Өңірде сауықтыру мен демалыспен 101 604 оқушыны - 95,6%қамту жоспарланып отыр, жұмыспен 65 499 бала қамтылатын болады.

Әр мектептің жанында лагерьлер жұмыс істейтін болады. Қазірдің өзінде 650 жуық оқу мекемесі қызықты уақыт өткізу бағдарамасын ұсынып отыр. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту үшін лагерьлер жанында ағылшын тілін үйрену бойынша лингвистикалық бейінді ауысым ұйымдастырылатын болады. Өңір бойынша мұндай мектептердің саны - 648. Бағдарлама үш тілдік оқытуға көшу аясында енгізілді. Барлығы өңірде 648 мектеп жанындағы лагерь, соның ішіндетамақтанумен 423 лагерь ашу жоспарланып отыр.

Демалысты палаткалық, киіз үй, экологиялық және спорттық лагерьлерде ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Үстіміздегі жылы 5609 баланы қамтитын 156 лагерь ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы облыста оқушыларды сауықтырумен 19 балалар сауықтыру лагері (13 мемлекеттік, 6 жеке меншік) айналысатын болады. Олардың сегізі табиғи су қоймаларында орналасқан, 5-інде ашық аспан астындағы бассейндері бар, Зеренді ауданы «Сұңқар» СО-ында ашық бассейн.

Жақсы ауданында Есілөзенінің жанында 50 орындық Жаңа қима алылында мектеп-интернаттың ғимаратында лагерь ашу жоспарланып отыр. Жазғы каникул уақытында 300 бала лагерьде демалып, денсаулықтарын жақсартады.

Сандықтау ауданында Приозерное ОМ базасында лагерь ашу жоспарланып отыр, онда жаз мерзілі кезінде 250 бала сауығатын болады.

Осы жылы Ақмола облысының БСО жолдамалар орташа бағамен мемлекеттік – 16 100 теңге, жеке меншік – 58 900 теңгені құрайды. Осы жылы лагерьлерде 465 педагогикалық қызметкер жұмыс істейтін болады.

Жазғы уақытта көгалдандыру бригадаларында, еңбек отрядтарында және мектеп орманшылығында; қызығушылықтары бойынша үйірмелерде және аула клубтарында; зияткерлік бағыттағы лагерьлерде, «Жас ұлан», «Жас Қыран» көшбасшылар активтерінің мектептерінде 65 499 оқушыны (62%) қамту жоспарланып отыр. 3,5 мың оқушы үшіноблыс және ел бойынша сапарлар, экскусиялар мен таныстыру сапарлары ұйымдастырылатын болады.

Бөлек позиция — ата-аналары мүгедектер, жетім балалар мен қамқорлықтағы балалар, патронаттық тәрбиедегі балалар, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балалардың жазғы демалысы мен сауығуы. Олардың саны биылғы жылы 29 мыңды құрады. Олар үшін барлық демалыстары бюджеттен төленеді. Осы жылы өткен жылмен салыстырғанда жазғы демалысты ұйымдастыруды қаржыландыру көбейді және 214 миллион теңгені құрағанын атап кеткен жөн.Республикалық бюджет қаражаты есебінен аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының 10 оқушысы, 82 белсенді мен оқу озаты «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында (тамыз) демалатын болады; сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберіледі.

Ақкөл, Есіл және Сандықтау балалар үйінің 22 тәрбиеленушісі жаз бойыөздерінің демалу базаларында демалады, оларға Степногорск балалар үйінің 65 баласы қосылады.

Урюпинка балалар үйінің тәрбиеленушілері20 тамызға дейін «Звездный» БСО демалады. Девианттық мінез-құлықты мыңнан астам бала БСО мен мектеп жанындағы лагерьлерде сауықтырылатын болады. Бурабай ауданының аумағында «Жас тыңшы» скаут лагерін ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда ү.ж.КТІБ есепте тұрған 200 оқушы қамтылатын болады. Лагерьдің ашылуы 20 шілдеге жоспарланған. Шамамен 3 мың оқушыны қамтитын 42 аула клубында балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру-демалыс бағдарламалары жоспарланған.

Балаларды қорғау күні қарсаңында «Орленок.К» ЖШС директоры Павел Безвербный «Даму-Көмек» кәсіпкерлердің мүгедек балаларына «Discovery - Borovoe»  СОО жазғы лагеріне тегін жолдама ұсынды. Серік пен Жаңылған Әкімбаевтардың отбасы - Макинск қаласындағы ең үлкен отбасы - 44 бала. Соның ішінде 39 бала  патронаттық тәрбиеде, 5-і өздерінің туған балалары. Серік Әкімбаев «Даму» қорына балаларға жазғы демалысты өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ өзінің тігін цехына тігін машиналарын сатып алуға өтінішпен жүгінді. Осы өтініштеріне  Павел Безвербный үн қатып, жазғы лагерьге жолдама сыйлады. 

Қолдау көрсетілген екінші кәсіпкер, бала жасынан бірінші топтағы мүгедек Олег Гридасов. Олег жұбайымен бір, төрт және тоғыз жастағы үш бала тәрбиелеп отыр. Жас адам «Посмотри на звезды» жобасының қатысушысы болды және жүлделі орынға ие болды, грант қаражаты есебінен ол павильон сатып алып, іске қосты, ол тамақ өнімдері мен халыққа қажетті тауарларды сатумен айналысады. Ең үлкен қызы Милана балалар лагерінде жазғы каникулының бір аптасын өткізу мүмкіндігіне ие болды.


Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары облыстың барлық өңірлерінде жүргізіліп жатыр.

Жарқайың ауданы:

Каникул уақытында оқушыларға пайдалы жұмыс істеуді ұйымдастыру, үздіксіз тәрбие процесін қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында асоциальдық құбылыстардың алдын алу мақсатында білім бөлімі 2016 жылдың жазғы каникул кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалуы, сауығуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді. Жалпы, жазғы демалысты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 954,7 мыңнан астам теңге бағытталды. Жазғы уақытта жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде барлық іс-шаралармен 2206 оқушы қамтылатын болады, ол 99% құрайды. «Жаз – 2016» бағдарламасын іске асыра отырып, аудандық білім бөлімі балалар мен жасөспірімдердің демалуы мен сауығуын ұйымдастыруда оң динамиканы сақтауды негізгі міндет етіп қояды.

5-8 сынып оқушыларына көгалдандыру және абаттандыру бойынша еңбек-экологиялық отрядтар құрылады. 920 баланы қамтитын 7-11 жас аралығындағы балаларға арналған барлық мектептерде тамақтанумен күндіз келетін мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылады. Аудан мектептерінің жанында жоғары сынып оқушыларының 11 бригадасын құру жоспарланып отыр, олар жөндеу-құрылыс бригадаларымен айналысатын болады. Қалалық және ауылдық мектептердің базаларында 120 адамды қамтитын аула клубтары құрылып жатыр. Жылжымалы спорттық-әскери жиындарға 34 оқушы қатысатын болады.

Қорғаныс-көпшілік жұмыстарды жетілдіру, азаматтық және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында орта мектептерде 240 оқушыны қамтитын «Жас әскер» әскери-спорттық лагерь ұйымдастырылатын болады. Тәуекел топтағы балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру сұрағы ерекше бақылауда тұр. Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, жасөспірімдер қылмысының өсуіне жол бермеуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Н.Крупская атындағы орта мектеп жанында «Патриот» әскери-спорттық клубты жандандыру жұмыстары жоспарланып отыр. Жазғы уақытта «Ақ қайың» қала сыртындағы лагерь жұмыс істейтін болады, лагерьде 540 балаға арналған толыққанды демалысты ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдетіп оқыту мақсатында 3, 5, 6 сынып оқушыларына аталған тілдердің мұғалімдері жұмыс істейтін болады.


Жақсы ауданы:

Жазғы каникул кезіндегі балалардың демалысы, уақыт өткізуі мен жұмыспен қамтуын ұйымдастыру – білім беру саласының басым міндеттерінің бірі. Балалардың қаншалықты демалғанынан олардың көңіл-күйі, оқу жылы барысындағы сабақ үлгерімі байланысты болады. Білім бөлімі 6 маусымда Бурабай ауданы «Звездный» БСО-ына аз қамтылған отбасының60 баласын жіберді. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясынан 4 бала Бурабай ауданы «Дискавери» БСО-ына жіберілді.

Қала сыртындағы лагерьлерден басқа балалар үшін мектеп жанындағы лагерьлер ұйымдастырылды. Осы жылы мектеп жанындағы лагерьлерде 1815 бала демалатын болады. Сонымен қатар, «Берёзка» балаларды сауықтыру лагері жұмыс сітейді, оның бағдарламасында білім беру жүйесінде ағылшын тілін оқытуға кезең-кезеңмен көшу бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес тілдік ауысым жұмысы жоспарланған. Ол үшін «Жұлдыз» БСОО ҚБ білікті вожатыйлар шақырылды.

Ерейментау ауданы:

Ү.ж. 12 мамырда Ерейментау ауданының Балалар шығармашылық үйінде аудандық семинар – жазғы уақытта мектеп оқушыларының жазғы демалысы, сауығуы және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңес болып өтті. Семинар барысында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына нұсқаулық жүргізді.

Атбасар ауданы:

Жазғы каникул – ол балаларды іш пыстыратын сабақтардан көңілін басқаға аударуға, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жаңа қарым-қатынас жүйесін құруға, жиналған қысымнан босауға, оқу жылында жұмсалған күш-жігерлерін жинауға, жеке тұлға ретінде өсудің жаңа мүмкіндіктерінің уақыты. Педагогтар үшін де бұл мерзім оқу жылы сияқты маңызды. Бұл мерзімде баланың әлеуметтік қарым-қатынасы аясының кеңеюінің, өздігінен жұмыс істеуінің артуы мен қызметінің өзгеруі арқасында ол қоршаған ортамен белсенді қатынас арқылы жеке басының қалыптасуы, әлеуметтенуі мен сауаттылығы процесі жалғасады.

Ү.ж. 30 мамырда № 1 орта мектебінде «Атбасар ауданы білім беру мекемелерінде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбына жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша аудандық семинар өткізілді, семинар қатысушылары ТЖ бойынша директор орынбасарлары, мектептердің медицина қызметкерлері, мектеп жанындағы лагерьлердің бастықтары болды. Семинар барысында Атбасар ауданы ТЖ бөлімінің инженері «Балалардың жазғы демалысы орындарында өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» ақпаратты баяндады.

Аналитикалық орталықтың материалдары бойынша дайындалған

(09.06.2016 г. - Обзор "кмолинская область: организация летнего отдыха детей").

Прикреплённые файлы - Нет файловПросмотреть файлы
Нет файлов
Комментарии читателей - Нет комментариевОставить комментарий
Нет опубликованных комментариев

Вверх