Ақмола облысы: оқиға

23 июня 2014 г.
Автор: Аналитикалық орталық
Источник: БАҚ интернет

Жол қозғалысының қауіпсіздігі бүгінгі күні қоғамдағы өткір мәселелердің бірі болып табылады.

БАҚ интернет талдауы жол-көлік оқиғаларының өсуіне бірнеше факторлар себеп болатындығын көрсетті;

- бірінші кезекте, ЖКО (жол-көлік оқиғаларының) статистикалық өсуі лайықсыз есеппен байланысты. 2012 жылдың ортасына дейін есеп әкімшілік полициясы органдарымен жүзеге асырылған. ЖКО жасыру көпшілік фактілері ашылған Бас прокуратураның тексерісінен кейін, есеп құқықтық статистика органдарына берілді.Нәтижесінде, 2013 жылы жолдардағы апаттылықтың объективті көрінісіне қол жеткізілді, бірақ жасыру фактілері әлі де бар;

- екіншіден, ЖКО фактілерінің өсуі тікелей автокөлік жолдары мен инфрақұрылымның лайықсыз жағдайына байланысты. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікпен күресті қамтамасыз ету бойынша үйлестіру кеңесінде сөз сөйлеген Қазақстан бас прокуроры;

Асхат Дауылбаев [2] «қайтыс болған барлық адамдардың жартысынан көбі, немесе 61 пайызы елді мекеннен тыс жерде болған ЖКО қайтыс болып отыр. Бұл ЖКО тікелей жол инфрақұрылымын бұзушылықты жою және жол жабынын жақсарту бойынша шаралардың жасалмағандығынан болғандығын белгілеуге болады» деп айтып өтті. [2] Бұдан басқа, оның сөздері бойынша, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері елді мекендерде, жаяу жүрушілердің тасқынын тартатын орындарда тосқауылдық және бағдарлаушылық қоршауларды орналастыру бойынша салалық бағдарламалар іс-шараларын орындамайды. [2] Қарапайым жол белгілерінің жоқтығынан адамдар мерт болып жатыр. Мұндай бұзушылықтар жаппай сипатта, және бұл іс жүзінде еліміздің барлық аймақтарына тән. [2].

- үшіншіден, өкілетті органдардың аналитикалық және алдын алатын жұмыстарды лайықсыз өткізуінде;

-төртіншіден, ЖКО өсуіне құқық бұзушылылардың жазасыз қалуы үлкен әсер етеді. ҚР бас прокуроры А. Дауылбаев айтқандай, «құқық бұзушылардың әкімшіліктік жауапкершілікке тартылмауының бірнеше фактілері белгіленді». Тек Ақмола облысы Бурабай аудандық жол полициясы бөлімінде кінәлілердің жауапкершілікке тартылмауының 25 фактісі анықталды. [1] Кей кезде бұған полиция қызметкерлерінің өздері ықпал етеді. Яғни, олар материалдарды толтыру кезінде қателіктерге бой алдырып, осының салдарынан соттар оны қайта толықтыру үшін қайтаруға мәжбүр болып жатады. Жасанды жасалған кешіктірушіліктердің салдарынан мыңнан артық істер, бұл 1048 құқық бұзушылық мерзімінің өтуіне байланысты ақырында тоқтатылған. Соның ішінде алкогольдік мастық күйде қылмыс жасаған 195 жүргізуші жазасыз қалды [1].

2014 жылдың 30 сәуірінен бастап Жол қозғалысының жаңа ережелері іске қосылды. Жолдың жиегінде немесе басқа бекітілмеген жерлерде қалдырылған тракторлардың тіркемелері, істен шығып қалған автокөліктер көптеген адамдардың өмірлерін әкетіп жатыр. Сондықтан ең ірі жазалау шаралары жүретін орындарда қозғалысқа бөгет болатын тоқтау немесе тұру ережелерін бұзу барысында қолданылады. Бірінші бұзушылық үшін -37,4 мың теңге, екінші рет – 92,6 мың теңге, үшінші рет – 138,9 мың теңге.

Мемлекеттік нөмірді қолдан жасағандар жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырылады және 37,4 мың теңге айыппұл төлейді.

Жылдамдықты шектен асырғандарға өте қатал жаза шарасы қолданады. Даңғой, ала құйын жүргізушілер біздің жолдарымыздағы ең басты қауіптілік. Егер жылдамдық 10-нан 20 км дейін асырылса – 18,5 мың теңге айыппұл, 20-дан 40 км дейін асырылса 27,8 мың теңге, 40 км-ден асырылса – 55,6 мың теңге. Егер бір жылдың ағымында бұл бұзушылық қайталанса айыппұл 74,8 мың теңгеге дейін өседі.

Дегенмен де күшейтілген жол қозғалысының ережелері айықтыратын әсер әзірше тигізген жоқ.

Ақмола облысы ІІД әкімшілік полиция басқармасының деректері бойынша жылдың басынан бастап облыстың аумағында [4]255 [4] жол-көлік оқиғалары тіркелген. Мұнда [4]56 [4] адам қайтыс болып, [4]370 [4] адам әртүрлі дәрежедегі ауыртпалық жарақат алды.

Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі мәселесі бөлек назарда. Бұл салада жіберілген қауіпсіздік техникасындағы талаптардың өрескел бұзушылықтары қынжыларлық нәтижеге әкеледі. Қоғамдық көліктердің жүргізушілері кесірінен 1 ЖКО болды, мұнда бір адам қайтыс болып, 1 адам зақым алды. [4] Республикалық «Автобус» ЖПШ нәтижелері туралы статистикалық ақпаратқа сәйкес үш тәулік ішінде 233 ЖҚЕ бұзушылық анықталды. 16 жолаушылар тасымалдау көліктері мемлекеттік техникалық байқаудан өтпеген.

Бұдан басқа, [5] ағымдағы жылдың 4 айында [5] облыстың аумағында балалардың қатысуымен [5]23 [5] ЖКО болды, мұнда 3 бала мерт болып, 24 адам зақым алған. Көлік құралдарының қозғалыс қарқыны, жүргізушілердің тәртіп бұзуы балалардың жарақаттанушылық деңгейі өсуіне себепші.

Осыған байланысты Ақмола облысы ІІБ баспасөз қызметі деректері бойынша балалар жол-көлік жарақаттанушылықтарының алдын алу мен ескерту мақсатында халықаралық Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында облыстың полиция қызметкерлері «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығымен және «Autokontrolkz» ЖШС қызметкерлерімен бірлесе облыс орталығы Көкшетау қ. алаңында «Увиденный издалека – спасенный наверняка!» («Алыстан байқалған - күмәнсіз сақталған!») атты акциясын өткізді. Акция барысында құқық тәртібін қорғаушылар бірінші сынып оқушыларына 200 жиынтық жарық шағылыстыратын қапшалар мен балалар жарақаттанушылығы бойынша сақтандыру полистерін сыйлады.

Жоғарыда айтылған барлық фактілер ЖКО деңгейі бойынша қорқынышты жағдайлар туралы куәландырады. Бұл әрбір адамға немқұрайды қарамауға мәжбүр етеді, өйткені барлық азаматтар күнделікті өмірде жаяу жүруші, жүргізуші және жолаушы болып табылады, жолдағы жағдай бұларға байланысты.

45 жыл ішінде бірде-бір ЖҚЕ бұзбаған майталман жүргізуші айтқандай «Жүргізушілер ең бірінші бір-бірін, одан кейін ережені сыйлауды үйренбей, жол қауіпсіздігі туралы айту әлі ерте». Даналық ойлар, осыны іс жүзінде іске асырса ғой.


Анықтама:

1.Жол-көлік оқиғалары және мұнда зақым алған адамдардың есебі деректер жинақтамасындағы мәліметтерге сәйкес 2013 жылы республика бойынша 23 359 ЖКО тіркелген (2012 ж. 14 168). 2013 жылдың 12 айында тіркелген барлық ЖКО көпшілігі жаяу жүрушіні соғып кетуден болған – 10 381 (6 287), көлік құралдарының соқтығысуынан болған - 8 158 (4 627), тұрғысынан тайдырудан – 1 965 (1 700), бөгетке соғылудан – 1 057 (714), велосипедшілерді соғудан – 485 (262), тұрған көлік құралдарына соғылудан - 310 (190), жануарларды соғудан – 91 (64), жегін көлікті соғудан – 13 (10) және басқа да ЖКО – 273 (293).

2. ЖҚЕ бұзған үшін салынатын ең жоғары айыппұл Финляндия мен Швейцарияда, бұл елдерде айыппұлдың ең жоғары сомасы шектелмеген және бұзушының жылдық табысына сәйкес есептеледі. Финляндияда жылдамдық тәртібін сақтамаған үшін салынатын ең төмен айыппұл бір жарым мың евро (379 мың теңге), «қызыл түске» жүрген үшін 90 € (23 мың теңге шамасында) төлеу керек, қауіпсіздік белбеуін тақпаған үшін – 135 € (34 тмың теңге). Мұндай айыппұлдар Францияда да салынады. Италияда жылдамдықты асырғандығы үшін - 750 € -дан 3119 € дейін (190 мың теңгеден 790 мың теңгеге дейін), көшедегі жүрісті ретке салушының немесе бағдаршамның тыюшы белгісін орындамаған үшін - 90 € (22 770 теңге), қауіпсіздік белбеуін тақпаған үшін – 75 € - дан 3119 € дейін (19 мыңнан – 76 мың теңгеге дейін). Жапонияда жылдамдық тәртібін сақтамаған үшін салынатын ең төмен айыппұл - 800$ (145 мың теңге), көшедегі жүрісті ретке салушының немесе бағдаршамның тыюшы белгісін орындамаған үшін – 420 $ шамасында (76 мың теңгеден артық), автакөлікті қою ережесін бұзған үшін - 830 $ шамасында ( 151 мың теңге), қауіпсіздік белбеуін тақпаған үшін – 450 $ (82 мың теңгеден артық). АҚШ-да жылдамдық тәртібін сақтамаған үшін салынатын ең төмен айыппұл 500 $ (91 мың теңге).


Дерекнама:

Қазақстанның бас прокураткрасы мыңдаған сот жоқ жүргізушілерді көрді (http://auto.mail.ru)

ҚР бас прокуроры ЖКО негізгі себептері жаман жолдардан деп атап өтті (http://www.inform.kz)

Ереже әлде әмиян ба? (http://www.kazpravda.kz)

Ақмола облысында жылдың басынан бастап 56 адам ЖКО қайтыс болды (http://www.zakon.kz)

Ақмола облысында жылдың басынан бастап 3 бала жолда қайтыс болды (http://www.zakon.kz)

Аналитикалық орталықтың материалдары бойынша дайындалған (17.06.2014 ж. "Ақмола облысы: оқиға" шолу).


Прикреплённые файлы - Нет файловПросмотреть файлы
Нет файлов
Комментарии читателей - Нет комментариевОставить комментарий
Нет опубликованных комментариев

Вверх