«Халық» репортері не туралы сөйлейді

16 июля 2014 г.
Автор: Аналитический центр
Источник: Интернет СМИ

Ақмола облысының медиа-ресурсындағы «Халық репортері» бөлімінде жарияланған материалдарды талдау осы жылдың маусым айында 12 мақала жариланғандығын, оның ішінде 6-ы ПМК (Пәтерлер меншік иелері (орын-жайлар) коорперативтері) мәселелері бойынша екендігін көрсетті.

Қаланың жағдайына немқұрайды қарамайтын тұрғындар облыстың орталығындағы тазалықты сақтауға тұрғындардың және коммуналдық қызметтердің салқын қарайтындығын куәландыратын мақалалар мен фотосуреттер жариялаған. Мысалы, 11 маусымда Көкшетау қаласының тұрғыны А.Жарқын Горький көшесіндегі №13 үй туралы айтып берді: «Шатырды жөндеген мердігерлерден кейін қалған қоқыс бір жылдан артық біздің ауламыздың көрінісін бұзып тұр. Қарбалас жағдайда жергілікті тұрғындар бұл жерге өз қалдықтарын төгеді. Осыдан қоқыстың үйіндісі күн сайын өсіп отыр». [1]

Медиа-ресурста жариялағаннан кейін «бірнеше күннен кейін қаланың коммуналдық қызметтері құрылысшылардың қалдырған қоқыстарын жинап тастады. Осы жерден салақ тұрғындардың құрылыс қоқыстарына тастаған қалдықтары да тасып шығарылған болатын. Қоқыстың негізгі бөлігін алып шығарған коммуналдық қызметке ризашылық білдіргіміз келеді, бірақ біздің тұрғындардың қоқыс шашу әдеті сол қалпында». [3] Бұл деректер қоршаған ортаны, ауланы, қала көшелерін ластаған азаматтардың жауапкершілігін ояту, тәрбиелеу мәселесін көкейтесті ету үшін батыл шаралар, айыппұл және осы сияқты т.б. шараларды қолдану керектігіне себеп болып отыр.

18 маусымда Көкшетау қаласының тұрғыны Ақерке Қасенова өз мақаласында былай деген: «Айналадағы қоқыс қалалық радиозауыты үшін дәстүрге айналды. Біздің әлемдегі ультражылдамдықты өрлеуге қарамастан, кейбір адамдардың кәдімгі қылықтары ортағасырдағыдай болып отыр, ал коммуналдық қызметкеттердің аттарына қанша шағым түссе де қоқыстарды жинағылары келмейді». [2] Әрине, мұндай жағдай орын алған аудандар көп-ақ, бірақ көбі мұны біле тұра оған менің қатысым жоқ дегендей үндемей жүре береді.

19 маусымда азамат Иванов «Халық репортері» бөлімінде «Көкшетау қаласының абаттандырылуы» мақаласын жариялаған болатын. Мұнда ол былай деген: «2013 жылғы Абай көшесін жөндеу жұмыстары өзінің ұмытылмас ізін қалдырды. Барі бұрынғыдай: жақсы жол, жаяужолдар, көгал алаңдар және гүлзарлар. Барі де жақсы, бірақ Қазпоштадан «облыстық кәсіподақ кеңесіне» дейінгі жаяужолға байқап қарайтын болсақ, жаяужолдың жабыны ескі, көмкермелер өткен жылдағы жаздың басында жұлынған күйінде әлі күнге дейін жоқ. Ағынды суларға арналған арықтар жасалынған, бірақ көгал алаңдардың орындары аяғына дейін істелінбеген, мүмкін жер жетпеген шығар?» [4]. Азаматтар мекендеудің жағдайы жақсартылып жатқандығын көріп отыр, бірақ осы іске жауапты компаниялардың істеліп бітпеген жұмыстары да бар. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады. Жұмыстарды орындаушыларға шаруагерлік жетпеді, немесе бір себептерге байланысты қаражат жетпеді.

Талдауда көрсетілгендей, біздің азаматтарға жиі кездесетін мәселелер коммуналдық сипаттағы мәселер болып табылады. Саналы азаматтар стихиялық қоқыс тасталған жерлердің фотосуреттерін жіберіп отырады. Осылай, мысалы, медиа-ресурста жағасында қалдықтардың көлемі көбейіп кеткен Қопа көлінің фотосуреті орналастырылған болатын. [5]

Біздің уақытта көптеген азаматтарды қаламыздағы тазалық мәселесі толғандыратындығы қуантады. Жоғарыда айтылып кеткен азамат Иванов «Коммуналдық азаптар» атты мақаласында былай деген: «ПМК мәселесін шешетін көптеген шаралар қолдануға болады. ...Мемлекет әртүрлі аббревиатурасы бар коммуналдық кәсіпорындарды құрайды, бірақ сөздерден ары қарай іс жүрмейді. ... Мен «үздік» кәсіпорын атты байқау өткізуді ұсынғым келеді. ... Қалада "АРС", одан кейін "Жардем" енді "МЖД сервис" кәсіпорындары пайда болды. Кәсіпорындар көбеюде, олар бюджеттен қаражат алуда, оған қоса жасалынған жұмыстар үшін деген сияқты үй тұрғындарынан төлем жинайды» [6]

Н.Антидзенің (Степногорск қ.) «Жердің тазалығынан – экологиялық мәдениетке» атты мақаласында 5 маусым күні әлемнің жүзден астам елі Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтетіндігі көрсетілген. Ол 1973 жылдан бастап БҰҰ Басты Ассамблеясының бастамасымен өткізіліп келеді. Бұл күнді мейрамдау әрбір адамның бойында қоршаған ортаны қорғауға деген ықыласты оятуға арналған.

Бұл күні Кеден Одағының мемлекеттері жерді тазалау бойынша экологиялық акция ұйымдастырған. Оның басты мақсаты – тазалық жасау, барлық халықта экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Степногорск қаласында «Нұр Отан» партиясының мүшелері бұл күні қаланың айналасындағы аймақты қоқыстан тазалауға шыққан.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінің ұраны: «Не біз ластануды жоямыз, не ол бізді жояды». Бұл күн – қоршаған ортаның мәселелерін, ұрпаққа таза жерді қалдыруды ойландыратын жақсы күн. [7]

Енді қоқыс тасталған жерден өтіп бара жатқанда ойланып, бұл мәселе осы уақытта мұндай көкейтесті болмауы үшін қандай болсын іс жасау қажеттігін түсінейік.

Дерекнамалар:

1. Ауланы "көріктендіру" ("Украшение" двора) ( http://media.e-akmo.kz)

2. Тағы да "Салем!" (И снова "Здравствуйте!") (http://media.e-akmo.kz)

3. Жаман қылықтарды жояйық! (Искореним дурные привычки!) (http://media.e-akmo.kz)

4. Көкшетау қаласының абаттандырылуы (Благоустройство города Кокшетау) ( http://media.e-akmo.kz)

5. "Артық сөзсіз" ("Без лишних слов") ( http://media.e-akmo.kz )

6. "Коммуналдық азаптар" ("Коммунальные муки") (http://media.e-akmo.kz)

7. "Жердің тазалығынан – экологиялық мәдениетке" ("От чистоты земли - к экологической культуре")( http://media.e-akmo.kz)


Аналитикалық орталықтың материалдары бойынша дайындалған (15.07.2014 г. Обзор: «О чем говорит «народный» репортер» ).


Прикреплённые файлы - Нет файловПросмотреть файлы
Нет файлов
Комментарии читателей - Нет комментариевОставить комментарий
Нет опубликованных комментариев

Вверх