"Қайғыға айналған демалыс"

4 августа 2014 г.
Автор: Аналитикалық орталық
Источник: БАҚ Интернет

Көпшілігімізге жаз – бұл көптен күттіретін және ең сүйікті мезгіліміз. Бұл қамсыз күн өткізуге қуанатып, ұзақ демалысқа жоспар құратын бақытты балалардың демалыс мезгілі ғана емес, сонымен бірге мектеп оқушыларының қауіпсіздік уақыты. Бұл көптеген факторлармен байланысты. Жазда балалар лагерьге дамалуға барады, ауылға әжелеріне барады, өзенге шомылуға және ағашқа серуендеуге барады, бұның барлығы күннің жоғарғы белсенділігі, жәндіктер, тез бүлінетін тағамдар жиынтығымен әртүрлі қауіп-қатер әкеледі. Осындай қайғылы жағдай Бурабай ауданындағы "Континент" балалар сауықтыру лагерінде орын алды. 9 шілде күні күні "Континент" балалар сауықтыру лагерінде демалған [1] 2005 жылы туған Аружан Әбілдина Көкшетаудағы облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Жасөспірім Қарағанды облысы Жәрем ауылындағы № 30 мектептің 4-сыныбында оқиды. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Қ.Әбдірахмановтың айтуынша «Ол бізге тым ауыр халде түскен. Біз «өткір ішек инфекциясы» диагнозын қойдық. Ауру асқынып кеткен, ішкі мүшелердің жұмысы қатты бұзылған. Біз оның өмірін аман алып қалуға тырыстық. Қыз бала балалар лагерлерінің бірінде Қатаркөл өзенінде демалған. Бұл жерде ол өткір ішек инфекциясын жұқтырып, аудандық ауруханаға жіберілген. Бірақ жағдайы жақсармады, сондықтан ол облыстық ауруханаға жеткізілген». [6]

"Ол тым ауыр халде түскен. Ал оның - гастроэнтероколит атты ауруының асқынып кету қаупі болған", - дейді Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігері Лариса Блажко. [8]

Аружан отбасыдағы жалғыз бала болған. Қыздың анасы бәріне лагерь тәрбиешілері кінәлі деп санайды. [8] Ол Бурабайға дені сау баланы жібердім дейді. Жолдаманы жұмыста берген. [8]

Екі апта өткеннен кейін Аружан телефонмен сөйлескен кезде ол суық тиіп қалғаны туралы айтқан. Тәрбиешілер, бұл қарапайым баспа (ангина) деп жұбатқан. Бірақ бәрі бұдан бетер болып шықты. [8]

6 шілде күні Әбілдина, бас ауруына, тамақ ауруына және құсыққа байланысты балалар лагерінің стационарынан медициналық көмек сұраған. Бұдан кейін 2014 жылдың 7 және 8 шілдесі күні Әбілдина Бурабай ауданындағы аурухананың инфекциялық бөліміне жеткізілген, денсаулығының жағдайы нашарлануына байланысты бұдан әрі облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. [5]

Перизат [8] (Аружанның анасы) бірнеше рет қызының жағдайы туралы білгісі келіп лагерге хабарласқан, бірақ телефон қоңырауына ешкім жауап бермеді. Анасымен тек қызы жан сақтау бөліміне түскен кезде ғана хабарласқан. Диагноз бірден қойылған. Өткір ішек инфекциясы. [8]

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Бурабайдағы лагерьде демалғаннан кейін қайтыс болған тоғыз жастағы қыздың өліміне қатысты мәселені өз бақылауда ұстап отыр. "Бұл оқиғаны біз бақылауда ұстап отырмыз. Қазір сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Біз арнайы комиссияны құрдық». [1]

Бұл жағдайдан кейін "Континент" балалар сауықтыру лагеріне тексеріс жіберілген. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева хабарлағандай, 10 шілде күні қызметтік тексеріс жүргізу үшін "Континент" балалар сауықтыру орталығына құрамына білім, денсаулық сақтау органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, төтенше жағдайлар, құқық қорғау органдары өкілдері енген облыстық комиссия аттанған. Ақмола облысы білім басқармасының атынан комиссия құрамында басшының орынбасары Бейбіт Жүсіпов және балалар құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Жания Дондагулова болды. Алдан ала мәліметтер бойынша қыз балада бүйректің созылмалы ауруы болған (бүйрек бүйрек жетімсіздігі). [3]

Бурабайда лагерьде демалған 9 жастағы қыздың өлімінің алдын ала себебі – ішінен жарақат алған, сонымен бірге, ол өткір ішек инфекциясын жұқтырған. [4]

«Нақты диагноз сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша белгілі болады», - дейді Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Дина Омарова. [4]

Ақмола облысының прокуратурасында ҚР ҚК 138-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін дұрыс қамтамасыз етпеу бойынша). [1]

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бап бойынша жазаланған адам бес жылға дейін бостандықтан айырылады. [1]

Кейін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Бурабай орталық ауруханасынан А.Әбілдинаның тірі кезінде алынған биологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеулерді аяқтады. Жүргізілген зерттеу сынамаларында шартты патогендік және патогендік флора табылмады, бұл А.Әбілдинада ішек инфекциясы болмағанын білдіреді. [7] Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша, жасөспірімнің өліміне екі жақты өкпе қабынуы, сол жақ бүйректің жарақатсыз, өзінен-өзі жарылуы себеп болған. [2]

Соңғы мәліметтер бойынша, ағымдағы жылдың 30 шідесіндегі брифингте ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қыз баланының өлімінің себебі перитонит және сыздаған жарақат деп айттып кетті. [9] «Нәтижелер бар. Ең бастысы мен перитонит және сыздаған жарақат болғандығын айта аламын. Бұл қыздан алынған барлық анализ ішек инфекциясын қоздыратын бактериялар болмағандығын көрсетті». [9]

Аналитикалық орталықтың материалдары бойынша дайындалған (30.07.2014 г. Обзор: «Отдых, обернувшийся трагедией»).


Прикреплённые файлы - Нет файловПросмотреть файлы
Нет файлов
Комментарии читателей - Нет комментариевОставить комментарий
Нет опубликованных комментариев

Вверх